Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Жағдайды ушықтырудың керегі жоқ»: Путин көршілес елдерге кеңес берді

05.03.2022

982 0

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Ресеймен шекаралас елдерге қатысты ешқандай теріс пиғылы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ресей басшысы көршілес елдерге жағдайды ушықтырмауға және ешқандай шектеу енгізбеуге кеңес берді.

«Оларға жағдайды ушықтырмауға және ешқандай шектеу енгізбеуді ұсынар едім. Біз өз міндетімізді атқарып жатырмыз және әрі қарай да солай болады. Қарым-қатынасымызға сызат түсіріп, жағдайды қиындататындай ештеңе көріп тұрған жоқпын», – деді ол. 

Оның сөзінше, Ресеймен байланысты үзгісі келетін кәсіпорын немесе мемлекет тек Ресейге ғана емес, өзіне де зиян келтіреді екен. 

«Біздің әрекетіміз Ресейге қарсы жасалған әрекеттерге жауап ретінде туындады. Менің ойымша, барлығы серіктестікті дамытып, қарым-қатынасты қалыпқа келтіруді ойлауы керек», – деп қосты Путин. 

Серіктестіктен бас тартуға жауап ретінде Ресей де бірнеше жобасынан бас тартуы мүмкін. 

«Біз өз алдымызда тұрған мәселелердің шешімін табамыз. Тіпті соңында жеңіске жетеміз», – деп мәлімдеді Ресей президенті.

Айта кетейік, бұған дейін Путин ресейліктер мен украиналықтарды бір халық деп атаған еді. Сондай-ақ ол бұл сөзінен еш уақытта бас тартпайтынын айтты. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: