Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болып, кішкентай бала таңғажайып жағдайда аман қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, бала балалар орындығының арқасында аман қалған.
Оқиға 8 қарашада түнгі уақытта Қалқаман ауылының маңындағы Қызылорда-Павлодар тасжолында болған.
«Nissan көлігінің жүргізушісі сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатып, көмір тиелген КамАЗ-бен (тіркеме) соқтығысқан», – деп жазылған хабарламада.
Оқиға салдарынан Nissan көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші мен олардың түрлі жарақаттары бар баласы ауруханаға жатқызылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!