Сейсенбі, 30 қыркүйек, 17:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Әлемде киік популяциясының 99%-ы Қазақстанда мекендейді

30.09.2025

63 0

Фото: gov.kz

Әлемде киік популяциясының 99%-ы Қазақстанда мекендейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы сенатор Әли Бектаев Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінде өткен отырыс барысында мәлімдеді.

Айтуынша, Қазақстанның Еуразияның басқа елдерінде жойылып кеткен дала экожүйелерінің орасан зор кеңістігі бар.

Дала жануарларының, соның ішінде әлемдік деңгейде жойылу қаупі төніп тұрған аң-құстардың басым бөлігі біздің ұлан-ғайыр жерімізде сақталған. Олардың қатарына суыр, дала тышқаны, қосаяқтардың негізгі түрлері сияқты жануарларды және дала құладын, бүркіт, арқар, қаншыр, ақбас үйрек сияқты құстарды жатқызуға болады, – деп атап өтті депутат.

Сонымен қатар ол елімізде соңғы он жыл ішінде бірқатар жануар саны артқанын алға тартты.

2005-2024 жылдар аралығында бірқатар жануарлардың саны айтарлықтай артты. Мысалы, тоғай бұғысы 350-ден 1 147-ге, құлан 1 112-ден 4 614-ке, арқар 8 835-тен 20 316-ға, қарақұйрық 12 500-ден 15 411-ге көбейді. Киік саны да бүгінгі таңда шамамен 5 млн басқа жетіп отыр. Әлемде киік популяциясының 99%-ы Қазақстанда мекендейді, – дейді Әли Бектаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: