Бейсенбі, 16 қазан, 19:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Көлігіңіз экологиялық талапқа сай ма? Алматыға кіру үшін кімдер ақы төлейді?

16.10.2025

50 0

Фото: autonews.ru

Алматыда автокөліктердің экологиялық талаптарға сәйкестігі мобильді зертханалар арқылы тексеріле бастады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Тексерулерді “Eco Almaty” ЖШС жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіп жатыр. Мамандар көліктердің шығарындыларындағы зиянды заттардың мөлшерін өлшеп, экологиялық нормаларды бұзған көліктерді анықтауда.

2025 жылғы 4-10 қазан аралығында мамандар 224 автокөлікті тексерді. Оның ішінде 138-і бензин және газбен жүретін көлік болса, олардың 23-інде зиянды заттардың рұқсат етілген деңгейден асып кеткені анықталды. 64 дизельді көліктің 26-сы, яғни дерлік жартысы, токсиктілік және түтін шығару нормаларын бұзған. Мұндай жүйелі тексерулер ауаның сапасын жақсартуға, ластану көздерін дер кезінде анықтап, шара қабылдауға мүмкіндік береді, – деді Алматы қаласының Экология басқармасында.

Ведомствоның мәліметінше, қаладағы шығарындылардың 60%-ы автокөліктерге тиесілі. Қалған бөлігі жеке тұрғын секторынан және өнеркәсіп, монша, тамақтану, құрылыс сияқты стационарлық көздерден келеді.

Атмосфералық ауаны қорғау ережелерін іске асыру мегаполистегі ластану деңгейін жүйелі түрде азайтуға, әсіресе қыс мезгілінде, және алматылықтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, – деді басқарма өкілдері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: