Сенбі, 11 қазан, 20:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№77, 2189
11.10.2025
PDF мұрағаты

Ұлттық құрылтай мүшелері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

11.10.2025

103 0

Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай мүшелерімен бірге «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық акциясына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Былтыр Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған акция бүгінде халықтық сипатқа ие болып отыр.

Мемлекеттік кеңесші мен Ұлттық құрылтай мүшелері Астана және Алматы қалаларында ағаш отырғызды.

Ұлттық құрылтай мүшелері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Ұлттық құрылтай мүшелері «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, бұл бастаманың қоғамды біріктіруде әрі экологиялық мәдениетті дамытуда маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ азаматтарды акцияны қолдауға бағытталған жобаларға белсене атсалысуға шақырды.

Ерлан Қарин акцияға қатысқан Ұлттық құрылтай мүшелеріне алғыс айтып, «Таза Қазақстан» бастамасы еліміздің идеологиялық платформасының маңызды құрамдас бөлігі екенін еске салды.

Ұлттық құрылтай мүшелері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші аталған акция елімізге, қоршаған ортаға жауапты әрі ұқыпты қарауға шақыратынын, қоғамдағы әдеп мәдениетіне оң әсер ететінін жеткізді.

Осылайша, «Таза Қазақстан» акциясы жаңа қоғамдық этика мен әдеп мәдениетін қалыптастырудың негізіне айналды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: