Жұма, 20 ақпан, 13:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13 (2225)
17.02.2026
PDF мұрағаты

2026 жылы банктердің таза табысы азайды

20.02.2026

76 0

Фото: shutterstock

Қазақстандағы 23 банк 2026 жылдың қаңтар айында 198,5 млрд теңге таза пайда тапқан. 2025 жылдың алғашқы айымен салыстырғанда, бұл 13 пайызға аз. Бұл туралы Ұлттық банк есебінде жазылған, – деп хабарлайды  kursiv.media

Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр қаңтар айында банктер 228,4 млрд теңге табыс тапқан болатын. Қазіргі кезде банктердің активтері 70,7 трлн теңгеден асқан. Ал міндеттемелері 60 трлн теңгені құрайды.

Бұл — соңғы бес жылдағы алғашқы сәтсіз жыл басы. Бұған дейін сектор пайдасының үштен бір есе азаюы 2020 жылдың қаңтарында тіркелген еді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық банктердің жиынтық таза пайдасы 6,7%-ға өсіп, 2,7 трлн теңгеге жеткен болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: