Сәрсенбі, 15 қазан, 14:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

240 мыңнан астам Қазақстандық алғаш рет жұмыссыздық төлемін алды

15.10.2025

128 0

Фото: Ерлан Омар

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы жылы жұмыссыз қалған азаматтарды қолдау мақсатында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы көлемі артып отыр. 2025 жылғы 1 қазанға дейін МӘСҚ есебінен 285,2 мың адам жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем алған. Оның ішінде 240,5 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған. Барлық төлемдердің жиынтық мөлшері 95 миллиард теңгеге жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz

Жұмыссыз қалған азамат төлем алу үшін алдымен eGov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтеді. «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінен «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдап, өтінімді толтырып, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жіберу қажет.

Өтінім жіберілгеннен кейін бір күн ішінде мансап орталығы тиісті жұмыс орындарын ұсынады. Егер лайықты жұмыс табылмаса, үш жұмыс күні ішінде азаматқа онлайн форматта жұмыссыз мәртебесі беріледі. Қажет болған жағдайда орталық қызметкері қосымша ақпарат алу үшін хабарласады.

Азаматтар бұл қызметті Электрондық еңбек биржасы – enbek.kz платформасы арқылы да рәсімдей алады.

Жұмыссыз мәртебесі тіркелген соң, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі автоматты түрде МӘСҚ төлемін тағайындау процесін бастайды. Азаматтың мобильді нөміріне SMS-хабарлама жіберіліп, төлемге келісім сұралады. SMS арқылы растау жіберілгеннен кейін төлем автоматты түрде тағайындалады.

Министрлік өкілдері атап өткендей, МӘСҚ қаражаты есебінен берілетін бұл әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себебіне қарамастан жүзеге асырылады және азаматқа жаңа жұмыс іздеу кезеңінде қаржылай қолдау көрсетуге бағытталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: