Сәрсенбі, 04 наурыз, 10:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

Әлемдік нарықта алтын мен күміс бағасы қайта арзандады

04.03.2026

37 0

Фото: shutterstock.

Нью-Йорк бағалы металдар биржасындағы (Comex) сауда-саттық қорытындысы бойынша, алтын мен күміс құны біршама арзандады, – деп хабарлайды  kursiv.media

әуір айындағы жеткізілімдерге арналған алтын фьючерсінің бағасы алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 248,26 долларға (4,7%-ға) құлдырап, бір унция үшін 5 063,34 долларды құрады.

Күмістің мамыр айындағы фьючерсі де өз құнын жоғалтып, 8,4%-ға арзандады. Осылайша, күмістің бір унциясы 81,373 долларға дейін арзандады.

Алтынның арзандауына не себеп

Алтын бағасы Таяу Шығыстағы қақтығыс әсерінен күрт өсіп, тіпті $5 500 – $5 600 деңгейіне дейін көтерілген болатын.

Алайда АҚШ доллары бағамының күрт нығаюы бағалы металдар нарығына айтарлықтай қысым көрсетіп, инвесторлар арасында үлкен резонанс тудырған.

Доллар нығайған сайын, өзге мемлекеттер өз валюталарының құнсыздануын тежеу үшін АҚШ-тың қазынашылық облигацияларын сатуға мәжбүр болады.

Облигацияларды жаппай сату олардың кірістілігін арттырады. Нәтижесінде, инвесторлар үшін пайыздық табысы жоқ «тұрақты» алтыннан көрі, табысы өскен мемлекеттік құнды қағаздар тартымдырақ көріне бастайды.

Осылайша алтын бағасы ақпан айынан бері ең төменгі көрсеткішке дейін сырғып, АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққыларынан кейін жинаған бүкіл «өсімін» жоғалтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: