Сенбі, 20 сәуiр, 02:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Автогаз бағасының шегі бар

09.07.2022

522 0

Жыл басынан бері бағаны көтеруге жарияланған мониторинг мерзімі аяқталғанда ел «енді қалай болар екен?» деп алаңдап қалғаны рас. Көп көкейіндегі сауалдың жауабы ретінде автогаздың шекті бағасы белгіленді.

Анығын айтқанда, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасының «Қазақстан аумағындағы автогаз құю стан­цияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» бұйрығы жарияланды. Құжатта: «Қазақстан аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілсін.

Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан аумағындағы автогаз құю стан­цияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленсін.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы­ның аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйы­тылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар белгіленген шекті бағалардан асып кеткен жағдайда ұйғарымдар шығарсын және олар орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушы­лық туралы Кодексінің 162-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартсын.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің отын-энер­гетика кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министр­лігінде мемлекеттік тіркелуін және осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бәсеке­лестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қам­тамасыз етсін» делінген. Атап айтарлығы, бұйрық 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болады.

Бұйрыққа сай әр аймақта сұйытылған мұнай газының бөлшек саудадағы шекті бағасы бекітілді. Атап айтқанда: Алматы қаласында – газ бағасының литрі 65 теңге, Елордада – 70 теңге, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында – 60-65 теңге, ШҚО, БҚО, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Абай облыстарында 60-65 теңге, Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, СҚО, Жетісу және Ұлытау облыстарында – 70-75 теңге.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: