Жұма, 27 желтоқсан, 04:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бағаны негізсіз өсіруге жол берілмейді

02.05.2023

901 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен тауарлар мен қызмет бағалары бойынша мәжіліс өтті.

Аймақ басшысы жанар-жағармай бағасының өсуіне байланысты құрылыс материалдары мен тасымалдау қызметтерінің құнын жоғарылатқан кәсіпорындармен жұмыс жүргізілетінін жеткізді. Бағаның өсуі тапсырыс берушілердің жоспарлаған жұмысын мерзімінде, сапалы аяқтауына кері әсер етеді. Оның ішінде, республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының құрылысы басталып, құрылысқа қажетті инертті материалдарға сұраныс артты. Облыс әкімі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында тұрған бұл нысандағы жұмыс қарқынына ерекше назар аударылатынын айтты. Жиында мердігер компаниялар мен жауапты мекеме басшылары хабарлама жасап, өз пікірлерін білдірді. Нәтижесінде кәсіпкерлер көтерген мәселелер оң шешімін тауып, тиісті жұмыстарды өз деңгейінде жүргізу бойынша бірлескен нақты шаралар қабылданды.

Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі мердігерлер әрекетінің заңдылығы тексеріліп, бағаның негізсіз өсуіне жол берілмейтінін қатаң ескертті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: