Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазіргі уақытта белгіленген 10% мөлшеріндегі міндетті зейнетақы жарналары жинақталған зейнетақы деңгейін қамтамасыз етуге жеткіліксіз екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қор жүргізілген зерттеуге сәйкес, табыстың кем дегенде 30%-дық алмастырғыш коэффициентін қамтамасыз ету үшін 10% міндетті зейнетақы жарналары аздық етеді.
“Табысты алмастыру коэффициентін кемінде 30% деңгейінде қамтамасыз ету үшін 40 жыл бойы зейнетақы жарналарының мөлшері кемінде табыстың 13% болуы немесе 30 жыл бойы 18% төленуі қажет. Ал егер жұмыс өтілі 20 жыл болса, 40% ТАК үшін жарналар 38,1% болуы тиіс”, – делінген ақпаратта.
БЖЗҚ мамандары азаматтарды өз болашағын ойлап, зейнет жасында өмір сүруге мүмкіндік беретін жеке қаржылық қор құруға шақырады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!