Жұма, 03 қазан, 13:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Цифрлық технологиялар Қазақстанның мұнай-газ индустриясын қалай өзгертуде?

03.10.2025

144 0

Фото: Арман Мухатов

Премьер-министр Олжас Бектенов Kazakhstan Energy Week – 2025 форумында Қазақстанның энергетика саласындағы цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде өмірлік қажеттілікке айналған цифрлық күн тәртібіне жеке тоқталғым келеді. Менің ойымша, бұл біздің өңірлік деңгейдегі артықшымыз, – деді ол.

Премьер-министрдің сөзінше, энергетика саласында жасанды интеллектің рөлі зор. Ол жаңа барлау әдістерін, өндіріс, тасымалдау және өңдеу үдерістерін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Мұнай өнімдерінің қозғалысын қадағалайтын OilTrack платформасы, жер қойнауын пайдалануды автоматтандыруға арналған ‘Цифрлық келісімшарт’ жүйесі жұмыс істейді. Сонымен қатар “Мұнай мен мұнай өнімдерін цифрлық бөлу” жүйесі бақылау мен ашықтықты қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Премьер-министр.

Қазақстан саланы технологиялық жаңғыртуға баса назар аударып отыр.

Мұнай өндіруді арттыру әдістері, барлау және өндіруді цифрландыру, сондай-ақ жасанды интеллектіні деректерді талдауда қолдану өндірісті ұлғайтуға ғана емес, шағын және орта кен орындарының әлеуетін ашуға мүмкіндік береді, – деді ол.

Сонымен қатар Премьер-министр жасанды интеллект пен цифрлық даму саласын үйлестіретін арнайы министрлік құрылып, инновацияларды жедел енгізуге бағытталғанын атап өтті.

Арнайы құрылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі біздің стратегиялық бағдарымызды айқындап, цифрлық шешімдерді жедел енгізуді қамтамасыз етеді, – деді Олжас Бектенов.

Энергияға сұраныстың артуы қуат көздерін кеңінен өндіруді талап етеді. Осыған орай, сирек жер металдары мен уран кендерінің маңызы артып келеді.

Қазақстан әлем елдеріне сенімді серіктес болуға дайын. Атом электр станциясының құрылысы – таза энергияға және энергетикалық тәуелсіздікке жасалған стратегиялық қадам, – деп түйіндеді Премьер-министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: