Қазақстан банктері үшін 2026 жылдың басы күтпеген қаржы қысыммен басталды: депозиттер бойынша сыйақы төлемдерінің қымбаттауы мен резервтерге бөлінген қомақты қаражат сектордың таза пайдасына айтарлықтай азайтты, – деп хабарлайды kursiv.media
Ұлттық банктің статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, 2026 жылдың қаңтар айында банктердің депозитке сыйақы төлеу үшін шығарған шығыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 32% артып, 486,9 млрд теңгеге жетті.
Бұл көрсеткіш клиент депозиттерінің жоғары мөлшерлемесі сақталуы салдарынан банк секторы үшін қор жинау процесінің айтарлықтай қымбаттағанын көрсетеді.
Мұнымен қоса, провизияға, яғни ықтимал шығындардың орнын жабатын резервті қалыптастыруға жұмсалған шығындар да 29%-ға өсіп, 234,0 млрд теңгені құрады.
Резервтеу көлемінің өсімі банктердің несие тәуекелдерді алдын ала ескеріп, сақтық шараларын күшейткенін байқатады.
Бұған дейін банктер жылды аса табысты бастамағанын жазғабыз. Қазақстандағы 23 банк 2026 жылдың қаңтар айында 198,5 млрд теңге таза пайда тапқан. 2025 жылдың алғашқы айымен салыстырғанда, бұл 13%-ға аз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
