Сәрсенбі, 04 наурыз, 12:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

Дүниежүзілік банкпен келісімді ратификациялау мемлекеттік қарыздың ұлғаюына жол бермейді

04.03.2026

41 0

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Дүниежүзілік банкпен негіздемелік келісімді ратификациялау мемлекеттік қарыздың одан ары ұлғаюына жол бермейді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

Айта кетейік, палата отырысында «Бір тараптан Қазақстан Республикасының Үкіметі және екінші тараптан Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Заң қабылданған еді. Осы орайда депутат Самат Нұртаза бұрын нақты жобалар бойынша Үкімет пен Дүниежүзілік банк арасындағы жекелеген халықаралық шарттар ғана ратификацияланатын еске салды.

— Бұл ретте негіздемелік келісімдер ратификациялауға жатпайды. Өйткені, жобаларды іске асыру кезінде ұлттық заңнаманы ғана қолдандық. Осыған байланысты неліктен қазір осы келісімді ратификациялау қажеттілігі туындады?, — деп сұрады ол Серік Жұманғариннен.

Вице-премьер расында «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қарыздар туралы барлық шарт ратификациялауға жататынын атап өтті.

— Бірақ, біз енді Дүниежүзілік банктің ережелері мен саясатын қолданатын боламыз. Ол біріншіден бүкіл процестердің тиімділігін көтеруге бағытталған. Екіншіден, мемлекеттік кепілдіктерді мемлекеттік емес ұйымдарға беруді мақсат тұтып отырмыз. Ол осы келісім ішінде жазылған. Ол мемлекеттік қаржыны сақтауға, басқа салаларға жұмсауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, мемлекеттік қарыздың одан ары ұлғаюына жол бермейді, — деді Серік Жұманғарин.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: