Дүниежүзіндегі үкіметтер крипторезервтер мүмкіндіктерін зерттеп жатқан кезде, Қазақстан нақты қадам жасап, цифрлық болашаққа бет бұрды. Web2 кеңістігінде 1,5 миллионнан астам қолданушы мен 3 000 компанияның сеніміне ие болған TrustMe жобасы өзінің алғашқы жаңа цифрлық активін — TrustMe Token (TMT) сатылымға шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алғашқы мәміледе TMT токендерін $100 000 көлемінде сатып алды. Бұл мәміле TrustMe-дің толыққанды Web3 экожүйесіне трансформациясындағы маңызды белес болып отыр. Қазіргі уақытта TrustMe Token-нің капитализациясы $50 000 000 көлемінде бағалануда.
Ержан былтыр қазанда, команда utility token шығару туралы шешім қабылдаған сәтте-ақ TrustMe Token сатып алуға қызығушылық танытқан болатын. Барлық есептер мен тұжырымдаманы бекіткеннен кейін оған бірінші болып токендерді сатып алу ұсынылды. Ол 2024 жылдың ақпанында TrustMe экожүйесіне алғашқы инвесторлардың бірі ретінде қосылды. Көрсеткен сенімі үшін алғысымыз шексіз, — деді TrustMe негізін қалаушы Шыңғыс Дәулетбаев.
TrustMe Token — жай ғана цифрлық актив емес. Бұл — Қазақстандағы алғашқы utility token, оның құны нақты пайдаланушылардың әрекеттеріне сүйеніп қалыптасады. Токеннің негізінде цифрлық қолтаңбалар, транзакциялар және онлайн өзара іс-қимыл сияқты нақты процестер жатыр.
TMT спекулятивті актив емес, ол пайдаланушылардың нақты белсенділігі арқылы расталатын құндылық тудырады. Әрбір қолданушы TrustMe экожүйесінің қатысушысына айналып, өз әрекетімен желіні нығайтады, ал инвесторлар хайп емес, сенімге негізделген жаңа цифрлық экономиканың моделіне қол жеткізеді.Құрылған сәтінен бастап TrustMe электрондық құжат айналымы мен цифрлық қолтаңбалар саласында маңызды ойыншыға айналды. Енді команда Web3 кеңістігіне қадам басып, блокчейнді сенім аса маңызды рөл атқаратын процестерге — келісімшарттардан бастап нотариалдық қызметтерге дейін тереңірек енгізуді көздеп отыр.
Мұндай тәсілге пайдаланушылар мен бизнес қолдау көрсетіп қана қоймай, алғашқы инвесторлар да сенім білдіріп отыр.
Әлем өзгеруде. Мемлекеттер мен ірі қорлар крипторезервтер қалыптастырып жатыр. Қазақстан тек үрдісті бақылап отырған жоқ, өз бағытын айқындауда. Президент Жолдауында Алматы маңында “Алатау” криптоқаласын құру туралы жариялады. TrustMe — жаһандық Web3 кеңістігінде көшбасшылыққа деген ұлттық амбициямыз, — деді Шыңғыс Дәулетбаев.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!