Ел өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінде 12,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 79,3%-ы жиналған, нәтижесінде 19,8 млн тонна астық бастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сонымен қоса, 1,3 млн тонна майлы дақыл, гектарына 229,2 центнер өнімділікпен 2,4 млн тонна картоп және гектарына 303,1 центнер өнімділікпен 3,2 млн тонна көкөніс жиналған.
Нақты атағанда, 324 ц/га өнімділікпен 427,5 мың тонна қырыққабат, 429 ц/га өнімділікпен 897,4 мың тонна пияз, сондай-ақ 286,8 ц/га өнімділікпен 328,5 мың тонна сәбіз жиналды.
Науқан – ұйымдасқан түрде және агротехникалық талаптарға сәйкес мерзімде жүргізіліп жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!