Сенбі, 21 желтоқсан, 19:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

FAKE: Әр балаға 36 мың теңге

17.05.2022

1586 0

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға «Kaspi.kz» мобильді қосымшасындағы әлеуметтік шот арқылы біржолғы жәрдемақы төленетіні туралы ақпарат тарады. Бұл ақпараттың жалған екенін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсіндіріп, жалған ақпарат жазаға алып келетінін де мәлім етті.

«Азаматтардан жалған ақпарат­тарға назар аудармауды және ақ­паратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұраймыз. Жалған ақ­парат тарату заңмен жазаланады», − деп хабарлады министрлік.

Негізінен «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы жәрдемақы алуға болады. Алайда жәрдемақы алу үшін қарас­тырылған арнайы шарттары бар. Қосымшада республикалық бюджеттен бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақыны рәсімдеу бойынша мемлекеттік қызмет жүзеге асырылған. Сондай-ақ «Kaspi.kz» арқылы азаматтар республикалық бюджеттен жұмыс істемейтін әйел­­дер үшін бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы рәсім­дей алады.

Жәрдемақы мөлшері отбасын­дағы балалар санына байланысты сараланады. Биылғы жылы бірінші балаға ай сайын 17 643 теңге (5,76 АЕК), екінші балаға – 20 860 теңге (6,81 АЕК), үшінші балаға – 24 045 теңге (7,85 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаға – 27 261 теңге (8,90 АЕК) төленеді. 1 мамырдағы жағдай бойынша бұл жәрдемақыны орта есеппен 46,5 мың адам 4,7 млрд теңге сомаға алған.

Естеріңізге сала кетсек, Қа­зақстан Республикасының қыл­мыстық кодексінде жалған ақ­парат таратқаны үшін арнайы заң қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қо­ғамдық тәртіпті бұзу немесе аза­маттардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат таратса, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мер­зімге бас бостандығынан айы­ру көзделген. Сондықтан әр ақ­паратты таратпас және оған сен­бес бұрын ақпараттың растығын тексеріп алған абзал.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: