Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысы өткен аптада экономикалық даму сапасын арттыру мәселелеріне арналған кеңесте макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шараларын қабылдауды тапсырды. Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті, – деді Олжас Бектенов.
Бұған дейін белгілі болғандай, 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ел экономикасы 6,3%-ға өсті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!