Бейсенбі, 16 қазан, 13:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қолдауды заңсыз алғаны үшін азамат қаржыны қайтаруға мәжбүр

16.10.2025

59 0

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында аудандық сот Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының азамат А.-ға қатысты артық төленген әлеуметтік төлемді өндіру туралы талап арызын қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ Жамбыл аудандық сотына сілтеме жасап.

Сот материалдарына сәйкес, 2024 жылдың желтоқсанында жауапкер жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға өтініш берген. Нәтижесінде оған 6 айлық жәрдемақы тағайындалған.

Алайда, 2025 жылдың мамыр айынан бастап азамат А. басқа мекемеде жұмыс істей бастағанына қарамастан, бұл туралы тиісті органдарға хабарламаған және әлеуметтік төлем алуды жалғастырған. Осылайша, ол 230 мың теңге көлемінде артық төлем алған.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін сотқа жүгінген.

Іс қаралғаннан кейін сот талапты қанағаттандырып, жауапкерден қор пайдасына 230 мың теңге өндіріп алу туралы шешім қабылдады.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: