Жұма, 27 желтоқсан, 04:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Несиені есеппен беру керек

12.05.2022

1379 0

Бүгінде елімізде  несиеге байланған адам көп. Тіпті бір басында бірнеше несиесі бар. Несін жасырамыз кредитін төлеу үшін кредит алатындар табылады. Несие рәсімдеген кезде қарыз алушының төлем қабілеті, табысы ескерілетіні белгілі. Дегенмен бір мезгілде бірнеше несиені қатар алуы тыйылмай отыр. Жасыратын несі бар, қазақстандықтардың банк алдындағы несиесінің көптігі уақыт өткен сайын күрделеніп келеді.

Мәселен, өткен жылы тұтынушылық несиелер 40 процентке өскен. Бұл жөнінде Парламент Мәжілісінде еліміздің Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.

– Былтыр тұтынушылық кредит 40 процент­ке өсті. Сондай-ақ кредитін өтей алмай­тын­дардың да саны артып келеді. Осыған орай түрлі шараларды қабылдап жатырмыз», – деді агенттік төрағасы.

Оның айтуынша, елімізде қарыз жүктемесі коэффициенті пайдаланылып жатыр.

– Банктер мен микроқаржы ұйымдары несие берген кезде, қарыз алушының табысын бағалауы тиіс. Несие бойынша ай сайынғы төлем сомасы қарыз алатын адамның ай сайынғы табысының 50 процентінен аспауы керек. Егер бұл деңгейден асып түссе, онда банк немесе несие ұйымдары кредит бермеуі тиіс. Олар бұл талапты орындамаса, біз қадағалауды күшейтеміз», – деді агентік басшысы.

Сонымен қатар мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.

Расында, несие – несібе емес, оның да сұрауы бар. Тіпті алған ақшаңды екі еселеп қайтарасың. Бүгінде несие деген сөзді естісек, төбе шашымыз тік тұрып, көзіміз атыздай болады. Өйткені уақытында төлей алмай, қарызға батып, шырылдаған жанды көз көріп, құлақ естіп жүр. Өкінішті-ақ. Өмірі банк табалдырығын аттамаған жандар қандай бақытты десеңші…

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: