Сейсенбі, 24 желтоқсан, 08:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазалыда өнеркәсіп өнімінің көлемі артты

22.07.2021

2371 0

Қазалыда жыл басынан бері 7,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Басым бөлігі өңдеу өнеркәсібінің үлесіне тиесілі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мәлімдеді.

– Аудан экономикасы жылдан жылға артып келеді. Мәселен, жыл басында аудан бюджеті 21,6 млрд. теңге болып бекітілсе, алты айда 22,7 млрд. теңгеге жетті. Оның ішінде, өз кірістеріміз 1,9 млрд. теңгені құрады. Бюджетке түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 799,6 млн. теңгеге жоспарланып, 126,7 пайызға орындалды,-деді Мұхтар Әуесұлы.

Аудан бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайтудың бірден-бір көзі – жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Бүгінде ауданда кәсіпкерлердің саны 5 510-ға жетті.

-Жыл басынан бері 636 кәсіпкер тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5,8 пайызға өсті. Бірінші жарты жылдықта түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында 517 адам 2,3 млрд. теңге қайтарымсыз грант пен несие алды. 10 кәсіпкерлік нысан толығымен пайдалануға берілді,-деді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: