Жексенбі, 28 қыркүйек, 20:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№73, 2185
27.09.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан 2026 жылдың күзіне дейін астық экспортына субсидия төлейді

28.09.2025

65 0

Фото: kursiv.media

Қазақстан Үкіметі астық өндірушілер мен экспорттаушыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын мерзімін тағы бір жылға созды. Енді тасымалдау шығынын азайту үшін субсидия 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін төленбек. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. kursiv.media

Бағдарламаның негізгі мақсаты – астық логистикасын жеңілдетіп, шаруалардың қаржы жүктемесін азайту және қазақстандық өнімнің шетел нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Субсидия көлемі экспорттық бағытқа байланысты әр тоннаға 20–30 мың теңге аралығында төленеді.

Ресей, Кавказ, Прибалтика, Иран, Қытай және басқа да бағытта эспорталатын астыққа субсидия төленбек. Бұл қазақстандық диқандардың теңіз порттарына шығуына мүмкіндік беріп, алыс нарықтарға жол ашады.

Осы ауыл шаруашылығы жылында фермерлер мен трейдерлерге 828 мың тонна астық тасымалы үшін 19,1 млрд теңге субсидия аударылды. Бағдарламаға 550-ден астам өтінім түссе, экспорттың негізгі үлесі Әзербайжанға (43%) және Балтық елдеріне (30%) тиесілі болды. Сондай-ақ, қазақстандық астық Қара теңіз порттары, Ауғанстан мен Грузияға да жеткізілді.

Жалпы алғанда, 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында Қазақстан шамамен 12,8 млн тонна астық экспорттады. Дәстүрлі нарықтан бөлек, ел бидайы алғаш рет Марокко, Алжир, Мавритания, БАӘ, Вьетнам және Бельгия, Португалия, Польша, Норвегия, Ұлыбритания мен Шотландияға жол тартты.

Шетелдік сатып алушылар бұрын Қазақстанды негізінен қатты және жоғары ақуызды бидай жеткізушісі ретінде білсе, қазір еліміздің жұмсақ бидайының сапасына да қызығушылық танытып отыр.

Үкімет елде бидайды токенизациялау бойынша пилоттық жобаны іске қосатыны хабарланған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: