Сенбі, 18 қазан, 20:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан мен ТМД Экономикалық соты құқықтық ынтымақтастықты нығайтады

18.10.2025

68 0

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық сотының төрағасы Герман Нұрбаевпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында ТМД кеңістігінде құқықтық ынтымақтастықты дамыту, халықаралық шарттардың нормаларын біркелкі қолдану және интеграциялық процестердің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Ермек Көшербаев ТМД Экономикалық сотының мемлекетаралық экономикалық өзара іс-қимылды құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етудегі және қатысушы елдердің мүдделерін қорғаудағы маңызды рөлін атап өтті.

Өз кезегінде Герман Нұрбаев соттың қазіргі жұмысы, ТМД елдерінің өтініштерін қарау тәжірибесі және халықаралық шарттарға құқықтық қорытындылар дайындау бағытындағы қызметі туралы айтты.

Кездесу соңында тараптар Қазақстанның ТМД органдарындағы белсенді және сындарлы ұстанымын жалғастыратынын және ұйымның институционалдық негіздерін нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдайтынын атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: