Сейсенбі, 14 қазан, 14:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан Ұлттық банкі жаңа монеталарды айналымға шығарады

14.10.2025

138 0

Фото: Zakon.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Айрықша оқиғалар мен тұлғалар» сериясынан шыққан ÁLIYA MOLDAǴULOVA. 100 JYL атты коллекциялық монеталарды айналымға шығарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Монетарлық реттеушінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, коллекциялық монеталарды сату 2025 жылғы 15 қазаннан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы жүзеге асырылады. ÁLIYA MOLDAǴULOVA. 100 JYL коллекциялық монетасы туралы.

Монета Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысына қатысқан Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға арналған. Монетаның дизайнында батыр қыздың портреттік бейнесі бейнеленген.

Ұлттық банк мәліметінше, монеталар мельхиор (МН 25) қорытпасынан жасалған, салмағы 15 грамм, диаметрі 33 миллиметр, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы 200 теңге, таралымы 10 000 дана.

«Барлық номиналдағы монеталар Қазақстан Республикасының аумағында өз атаулы құнымен төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына аудару, айырбастау және размен жасау үшін қабылдануға міндетті», – делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: