«Ақмешіт апталығы» Қазақстанда газ ғана емес, бензиннің де бағасы тағы қымбаттады.
Бағаның шарықтауы әсіресе Шығыс Қазақстан, Қарағанды мен Ақтөбе облыстарында байқалады. Мәселен бір апта бұрын ғана жанармай құю бекеттерінде халық көп тұтынатын АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 140 теңге болса, қазір аталған облыстарда 150 мен 170 теңге аралығында сатылуда.
Қымбатшылық алдағы уақытта да жалғасуы мүмкін деген болжам бар. Өйткені қазірдің өзінде мұнай өнімінің көтерме бағасы мен тасымалдау құны өскен. Ал тұрғындар жанар-жағармай бағасы өссе, такси мен тауар тасымалы қызметі, тіпті азық-түліктің де шарықтауы мүмкін дейді.
«Қиындау. Қарапайым адамдарға тіпті қиын. Қазір жұмыс та жоқ. 140 теңге әлдеқайда жақсы, арзан болды ғой. Алты теңге де ақша ғой», – дейді көлік жүргізушілерінің бірі Асқар Бақтыбаев.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!