Жұма, 03 қазан, 17:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда екі әлеуметтік төлемнің мөлшері ұлғайтылады

03.10.2025

45 0

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдер ұлғайтылады. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрын тағайындалған еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер 10 пайызға индекстеледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тиісті қаулы жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық НҚА» порталында жариялады. Ведомство мәліметінше, төлемдердің мөлшері әр жағдайда жеке есептеледі. Ол мыналарға байланысты:

  • соңғы екі жылдағы әлеуметтік аударымдар жасалған орташа айлық табысқа;
  • еңбекке қабілеттіліктен айрылу коэффициентіне;
  • асырауындағы адамдар санына;
  • міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне;
  • табысты алмастыру деңгейіне.

Бұған дейін МӘСҚ-тан аталған екі төлемді шамамен 150 мың қазақстандық алған:

  • асыраушысынан айырылған 66 мың отбасы 25,3 миллиард теңге алған. Орташа айлық төлем – 74 460 теңге;
  • еңбекке қабілеттілігінен айырылған 97 мың адамға 34,5 миллиард теңге төленген. Орташа айлық төлем – 71 468 теңге.

Кімдерге беріледі?

Асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем асырауында болған адамдарға тағайындалады. Ол мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек төленеді. Қаражат асырауындағы адам 18 жасқа толғанға дейін, ал егер ол күндізгі бөлімде оқыса – 23 жасқа дейін беріледі, деп түсіндірді министрлік.

Еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлем МӘСҚ қатысушыларына мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек тағайындалады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: