Сәрсенбі, 01 қазан, 12:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда халық көп тұтынатын АИ-92 маркалы бензин 235 теңгеге қымбаттады

01.10.2025

42 0

Фото: Видеодан скрин

Елімізде бензин қымбаттап жатыр. Мысалы, Астана мен Алматы қалаларында халық көп тұтынатын АИ-92 маркалы бензин құны 235 теңгеге жеткен. Шымкентте де баға біршама өскен. Сарапшылардың айтуынша, отынның құны әлі де қымбаттайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

АИ 92 маркалы бензин бағасы бір ай ішінде 6 теңгеге көтеріліп, 235 теңгеге жетті. Әсіресе, еліміздегі Алматы мен Астана қалаларында баға өсімі анық байқалады. Ал Шымкентте халық көп тұтынатын отын құны 20 теңгеге арзандау екен.

Сарапшы Олжас Байділдинов елімізде бензин құны әрі қарай өсе беретінін айтты. Сөзінше, отынның қымбаттауына бірнеше себеп бар. Негізгісі – ұлттық валютаның әлсіреуі. Демек, теңге құлдыраса, қызмет құны көтеріледі.

“Әр тауардың долларға шаққандағы өзіндік құны болады. Ал біздің отандық отын құнын ақтап отырған жоқ. Өйткені кейінгі 20 жылда бензин бағасы өзгермеді, 2000-жылдары 40 цент еді, қазір де сол қалпында тұр. Ал шығынға ұшырамаудың жолы бағаны кемі 60 центке жеткізу. Меніңше, АИ-92-нің құны литрі үшін түбі 330 теңгеге жетеді”, – дейді сарапшы.

Ал министрлік өкілдері баға бақылауға алынғанын, жанар-жағармай құнын негізсіз көтерген жеткізушілер қатаң жазаланатынын айтты.

“Халықтың әлеуметтік осал топтарының бірінші кезектегі қолдауымен нарықтағы сұраныс пен ұсынысты ескеріп, ЖЖМ бағалары бойынша өлшенген тәсіл қолданылады. Министрлік барлық мүдделі мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-қимылда және ақпарат алмасып отыр. Сондай-ақ жанармай бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу бойынша барлық 20 өңірдің әкімдіктері жанындағы жанармай бойынша өңірлік штабтар жандандырылған”, – деді

Мұнай тасымалдау және өңдеу департаментінің бас сарапшы Айбек Төленді.Министрлік сарапшысы жанар-жағармай нарығындағы ахуал тұрақты екенін айтты. Оның айтуынша, ішкі қажеттілік толық өтеліп жатыр, уайымдауға негіз жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандабензин бағасының өсуіне байланыстыазық-түлік те қымбаттайтыны туралы жазған едік.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: