Бейсенбі, 02 қазан, 13:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда қыркүйек айында не арзандады?

02.10.2025

41 0

Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Қыркүйек айында Қазақстандағы тұтыну нарығында баға динамикасында әртүрлі өзгерістер байқалды. Кейбір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен тауарлардың құны төмендеп, бірқатар жеңілдіктер болса, керісінше бірқатар өнімдер мен қызметтердің бағасы қымбаттаған. Статистика бюросының деректеріне сүйенсек, ең көп арзандағандардың қатарында көкөністер тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда қыркүйек айында пияз, картоп және басқа да көкөністер арзан болды. Ал қымбаттағандар қатарында кофе, алтын және түрлі қызмет түрлері бар.

2025 жылғы қыркүйек айында Қазақстандағы айлық инфляция деңгейі 1,1%-ға жетті, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының баспсөз қызметі.

Азық-түліктердің ішінде не арзандады және қаншаға арзандады?

пияз – 15,6%;

картоп – 10,3%;

қызылша – 9,5%;

қырыққабат – 9,3%;

сәбіз – 9%;

жүзім – 6,6%;

қызанақ – 5,9%;

лимон – 5,3%;

алма – 4,8%.

Сондай-ақ, бағасы қымбаттағандар қатарында:

Ас содасы –2,8%;

кофе –2,6%;

апельсин –2,5%;

жарма өнімдері – 1,5%;

консервәленген жемістер – 1,2%;

дәмдеуіштер мен тұздықтар –1,1% бар.

Азық-түлік емес тауарлар арасында биылғы қыркүйекте фотоаппарат бағасы 0,7% төмендесе, керісінше неке сақинасы 4,3%, қол сағаты 2%, цемент 1,4% қымбаттады.

Киім-кешек пен аяқ киімге, тұрмыстық құралдарға, жуу және тазалау құралдарына баға деңгейі 1,1%, жеке пайдалануға арналған тауарларға 0,9%-ға өсті.

Әуе жолаушылар көлігі қызметтері 4,2%, шипажайлар 1% арзандады. Бұл ретте қоғамдық тамақтандыру қызметтері – 0,9%, шаштараз қызметтері – 0,7%, спорт залдар қызметі 0,3% өскен.

Жылдық мәнде күріш 8,2%, өрік 3,5%, жержаңғақ 2,2% арзандады.

Кепкен жемістер мен жаңғақтар 2,3% қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде еденге қоятын кір кептіргіш 35,8%, тоңазытқыш 21,2% арзандады.

Ас үй құралдары, электродрель бағасының деңгейі 6,4%, электр шамы – 4,8%-ға өсті.

2024 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда аяқ киім жөндеу бойынша қызметтердің бағасы 9,4%-ға, тұрғын үй-жайларды күтіп ұстау және жөндеу бойынша қызметтердің бағасы 6,9%-ға өсті. Бассейн қызметтері 10,3%-ға, тренажер залдары 9,5%-ға қымбаттады.

Еске салайық, бұған дейін ет бағасы неге қымбаттап жатқаны туралы сарапшы пікір білдірген болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: