Сейсенбі, 30 қыркүйек, 17:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда жедел онлайн несиеге тыйым салынды

30.09.2025

47 0

Фото: istockphoto.com

30 қыркүйектен бастап тұтынушылық кепілсіз онлайн-қарыздар беру кезінде «шешім қабылдау» кезеңі енгізіледі.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Несиеге өтініш бергендер ақшаны бірден ала алмайды, белгілі бір уақыт күтуіне тура келеді.

– 150 АЕК-тен (589 800 теңге) 255 АЕК-ке (1 002 660 теңге) дейінгі сома кезінде банктік қарыз шартын жасасқаннан кейін кемінде 8 сағат;

– банктік қарыз сомасы 255 АЕК-тен (1 002 660 теңге) жоғары,

75 АЕК-тен жоғары микрокредит (294 900 теңге) сомасы кезінде кемінде 24 сағат;

– қарыз алушыға ақшаны аударуға тек белгіленген шешім қабылдау кезеңі өткеннен кейін оның кредит беруге келісімін алғаннан соң рұқсат етіледі.

Банктер мен МҚҰ қарыз алушыға 1 күн ішінде жалпы сомасы көрсетілген лимиттерден асатын бірнеше кредит берілген жағдайда шешім қабылдау кезеңін сақтауға міндетті.

Бұл ретте шешім қабылдау кезеңі тауарлық кредиттер беруге, ішкі қайта қаржыландыруға және төлем картасы бойынша лимит (150 АЕК дейін) шеңберінде қарыздарға қолданылмайды.

Егер қарыз алушы шешім қабылдау кезеңінде кредит алу туралы шешімін өзгертсе, қарыз шарты жойылады және оған кредит қаражаты аударылмайды.

Шешім қабылдау кезеңі тек онлайн-қарыздар үшін қолданылады және азаматтарды алаяқтықтан қорғауға бағытталған. Қарыз алушыға кредит қаражаты шұғыл қажет болған жағдайда, ол кез келген уақытта  банктің немесе МҚҰ бөлімшесіне жүгіне алады және  қарызды шешім қабылдау кезеңін қолданбай ресімдей алады.

Айта кетейік, бұған дейін кейбір қазақстандықтарға тұрмыстық техниканы бөліп төлеуге тыйым салынатыны хабарланды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: