Жылыту маусымы қарсаңында өңірлер 65 пайыз көлемінде көмірмен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Энергетика министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің отырысында айтылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жиынға «Қазақстан Темір Жолы «ҰК» АҚ өкілдері, көмір өндіруші кәсіпорындар мен сыртқы сауда қызметінің мамандары қатысты. Өңірлердегі көмір дайындау жоспары орындалуы, жартылай вагондармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ, өңірлік операторлардың қызметі туралы есептер тыңдалды.
«Бүгінде халық пен коммуналдық-тұрмыстық сектордың жылыту маусымына қажеттілігі – 7,4 миллион тонна көмір. Өңірлер бойынша көмір дайындау көлемі 4,8 миллион тоннаға жетті, бұл – жоспардың 65 пайызы. Энергетика министрлігі өңірлерді көмірмен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауда ұстайды», – деп жазылған хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!