Дүйсенбі, 20 қазан, 13:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар қарашада баспаналы бола алады

20.10.2025

180 0

Фото: freepik.com

“Наурыз” және “Наурыз жұмыскер” ипотекалық бағдарламалары бойынша несиелеу көлемі 500 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

16 қазан күні Үкімет тұрғын үй несиелеуді қолдау шараларын бекітті.

Бағдарлама қарашада іске қосылады

Несиелерді беру жұмысы биыл қараша айында басталмақ.

Қазір екі нұсқа қарастырылып жатыр: не өтінімдерді қабылдаудың жаңа конкурсын жариялау, не наурыз айында қатысып, бірақ өтпей қалған азаматтарға несие беру, – деді “Отбасы банк” төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Банк өкілдерінің айтуынша, қатысу шарттары кейінірек нақты жарияланады.

Маңызды жаңалықтардың бірі – құрылыс компанияларымен офтейк-келісімшарттар жасау.

Құрылыс салушылар “Отбасы банкпен” келісімге отырып, алдағы үш жылға пәтер бағасын тұрақты деңгейде ұстауға міндеттеледі, – деп айтты Ибрагимова.

Бағдарлама қатысушылары өздеріне ұнайтын тұрғын үйді “Баспана маркет” платформасынан таңдай алады.

“Наурызбен” қандай тұрғын үйді сатып алуға болады?

  • Астана, Алматы және облыс орталықтарында – тек жаңа үйден (құрылыс салушыдан тікелей жаңа пәтер);
  • Басқа өңірлерде – кез келген баспана, соның ішінде екінші нарықтағы пәтерлер мен жеке үйлер.

Ипотека шарттары:

  • Мөлшерлеме: әлеуметтік осал топтарға – 7%, өзгелерге – 9%;
  • Бастапқы жарна: таза әрлеудегі пәтер үшін – 10%, жөндеусіз пәтер үшін – 20%;
  • Несие сомасы: Астана мен Алматыда – 36 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде – 30 млн теңгеге дейін.

Қатысу талаптары:

  • соңғы 5 жылда өз атына тіркелген тұрғын үйдің болмауы;
  • “Отбасы банкінде” кемінде 2 млн теңге көлемінде депозиттің болуы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: