Сәрсенбі, 04 наурыз, 10:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанға ең көп қаражат жіберетін – АҚШ пен Ресей

04.03.2026

44 0

фото: shutterstock

Қазақстанға түскен барлық қаражаттың 40%-ы АҚШ пен Ресейден келген. Бұл туралы Ұлттық банктен хабарлайды, – деп хабарлайды  kursiv.media

ҰБ ұсынған мәліметке сүйенсек, 2026 жылдың қаңтарында халықаралық ақша аударымдары жүйелері (ХААЖ) арқылы 39,0 млрд теңге сомасына 114,2 мың транзакция жасалды.

2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда аударымдар саны 30,5%-ға, ал олардың жалпы көлемі 36,6%-ға азайған.

Шетелге жіберілген ақша жалпы соманың 97,2%-ын (37,9 млрд теңге) құрады. Қазақстаннан ең көп қаражат жіберілген негізгі елдер: Ресей (16,7 млрд теңге), Түркия (5,9 млрд теңге) және Өзбекстан (5,5 млрд теңге). Аударым жүйелерінің ішінде «Золотая Корона» көш бастап тұр, ол арқылы елден жіберілген барлық ақшаның 80,1%-ы өткен.

Ал шетелден алынған қаражат көлемі 15,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен айдың көрсеткішінен 25%-ға аз. Қазақстанға ең көп ақша жіберген елдердің қатарында Ресей (3,2 млрд теңге), АҚШ (2,6 млрд теңге) және Түркия (1,9 млрд теңге) бар. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: