Сәрсенбі, 27 қараша, 10:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында экономикалық құқықбұзушылық азайған

29.07.2022

1594 0

 2022 жылдың алты айында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменттің өндірісінде болған 41 қылмыстық істің 24-і аяқталып, 15-і сотқа жолданған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде жартыжылдық жұмысын қорытындылаған аталмыш департамент басшысы Бақыт Қайшыбеков мәлімдеді.

«Аймағымыздағы жедел жағдайға жалпы талдау жасай отырып қарасақ, құқықбұзушылықтардың тіркелуі өткен жылғы салыстырмалы кезеңге қарағанда төмендегені байқалады. Қазір біз саннан гөрі сапаға көңіл бөлу ұстанымымен жұмыс жасаймыз. Яғни, залал мөлшері көлемді және бұған дейін жедел-іздестіру шаралары толық жүргізілген қылмыстық істерді анықтауға басымдық беріледі. Аса ірі емес құқықбұзушылықтар бойынша материалдар қаржы органдарына тексеруге ұсынылады, яғни салықтық әкімшілендіру шеңберінде қарастырылады. Айта кетерлігі, экономикалық қылмыстарды әшкерелеу ұзақ уақытты талап етеді. Қаржы саласындағы заңбұзушылықтардың көлемін анықтау мен растау барысында өзге қаржы органдарының мәліметтерін күтуге тура келеді. Қылмыстың ашылуы, залалдың мемлекетке қайтарылуы, тергеу сапасы, қылмыстық процесстерге қатысушылардың конституциялық құқығының бұзылмауы секілді критерийлер бойынша нақты межелер мен мерзімдер бекітілген. Сондықтан экономикалық қылмыстардың ашылуы және залалдың қалпына келтірілуі бойынша жылдам нәтиже күту қиын», – деді Б.Сапарғалиұлы.

Қызылорда облысында экономикалық құқықбұзушылық азайған

Департамент басшысының мәлімдеуінше, экономикалық өсу мен дамуға тосқауыл болатын қылмыстардың қатарында заңсыз ойын ұйымдастыру, контрабандалық жолмен тауарлар әкелу, мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы және бюджет қаражатын жымқыру фактілері алдыңғы қатарда тұр. Аталмыш бағыттағы қылмыстарды анықтауға, тергеуге және түпкілікті процессуалдық шешім қабылдау басты назарда ұсталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: