Сейсенбі, 24 желтоқсан, 06:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сенатор Қызылорда облысының мұнай экспортының квотасын ұлғайтуды ұсынды

27.04.2023

953 0

Сенатор Руслан Рүстемов Қызылорда облысының мұнайшыларына шетелге көбірек мұнай сатуға рұқсат беруді ұсынды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Депутаттың сөзінше, Қызылорда облысының мұнай өндіруші компаниялары өндірілген мұнай өнімдерінің 80%-ын ішкі нарыққа сатады, ал 20%-ы ғана экспортқа кетеді. Бұл ретте ішкі нарықтағы мұнай баррелінің құны әлемдік бағадан 2,5 есе төмен. Демек, мұнайшылар айтарлықтай соманы ала алмайтынын айтты. 

“Мәселен, өткен жылы облыста 4 миллион тонна мұнай өндіріліп, жалпы табыс 78 миллиард теңгені құрады. Оның 30 миллиард  теңгесі – сыртқы нарыққа сатудан түскен табыс болатын. Шетелге сату квотасы 50%-ға дейін ұлғайған жағдайда Қызылорда облысының өндіруші компанияларының жалпы табысы 105 миллиард теңгені құрайтын еді”, – деді депутат.

Сенатор 2017 жылдан бері Энергетика министрлігі «Кенкияқ-Атырау» реверсі жобасы іске қосылғаннан кейін ғана Қызылорда облысына экспорт квотасын ұлғайту мүмкіндігін қарауды ұсынып келгенін атап өтті. 

“Бұл жоба Қызылорда облысының жер қойнауын пайдаланушыларының ішкі нарыққа мұнай жеткізу жүктемесін 80%-тен 50%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік беруі тиіс еді. Алайда, 2021 жылы аталған реверс қолданысқа берілгенімен Энергетика министрлігі Қызылорда облысында мұнай көлемінің сарқылуына байланысты квотаны ұлғайтудың мүмкіндігі жоқ екендігін білдіріп отыр», – деді Руслан Рүстемов.

Депутаттың пікірінше, ішкі нарыққа сатылатын мұнайдың 30% айырмашылығы басқа мұнай өндіруші компаниялармен қабаттасуы мүмкін. Оның үстіне, бұл – еліміздің ауқымында Қызылорда мұнайшыларының көрсеткішіндей 30% емес, жалпы өндіру деңгейінің 1-2% ғана мәселесі. 

«Экспорт көлеміне қосылатын 1,2 миллион тонна мұнай айырмашылығын Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы мұнай өндіруші компаниялары арқылы ішкі нарық қажеттілігін жабудың мүмкіндігін қарастырған жөн деп есептеймін. Аталған мәселе Үкімет тарапынан егжей-тегжейлі қаралып, қолдау тапқан жағдайда Қызылорда облысындағы бірқатар өзекті әлеуметтік проблемалардың шешімі табылатыны, атап айтқанда, мұнай сервистік мекемелері тарифтерінің, жұмысшылардың айлық табысының және салық түсімдерінің ұлғаюына оң әсерін берері анық», – деді Руслан Рүстемов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: