Дүйсенбі, 13 қазан, 11:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№77, 2189
11.10.2025
PDF мұрағаты

Судың көлеңкелі нарығы: миллиондаған айыппұл өндірілді

13.10.2025

129 0

Фото: Zakon.kz

Судың «қара нарығына» қарсы күрес аясында 2025 жылғы вегетация кезеңінде Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейн инспекциялары су заңнамасын бұзғандарға 58,3 млн теңгеге 310 айыппұл салған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігі вегетация кезеңінде Қазақстанның оңтүстігінде төрт жұмыс тобын құрған. Олар өңірлерде судың әділ бөлінуін қамтамасыз етіп, су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Бас прокуратураның, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен министрлік республика деңгейінде судың «қара нарығына» қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір Бас прокуратурамен бірлесіп, заңсыз су алу фактілеріне қарсы күресті жалғастыру алгоритмі әзірленіп жатыр», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Былтыр суару маусымында су заңнамасын бұзғандарға 15,8 млн теңге көлемінде 188 айыппұл салынған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: