Сенбі, 28 желтоқсан, 00:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Теңге неге құнсыздануда? Экономистер себебін айтты

13.06.2021

5113 0

Экономистер азық-түлік пен басқа тауарлар бағасының өсуін ұлттық валютаның құнсыздануымен байланыстырады. Мұның бір себебі – айналымда теңгенің тым көп болуы. Қағаз ақша неғұрлым көп болса, олардың мәні соғұрлым аз болады. Былтыр және осы жылдың бірнеше айында Ұлттық банк екі триллионнан астам теңге басып шығарған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Экономист Мақсат Халық мамандығы бойынша экономикада не болып жатқанын мұқият қадағалап отырады. Оның айтуынша, былтырғы 1 қазандағы жағдай бойынша елдегі ақша массасының көлемі 24 триллион 100 миллиард теңге болса, 1 мамырдағы жағдай бойынша 26 триллион 800 миллиард теңге болды. Яғни жеті ай ішінде Ұлттық Банк 2,7 триллион теңге басып шығарған. Экономист ақшаны экономика қарыштап дамып тұрған кезде ғана басып шығаруға болады дейді.

“Неге сонша басып шығару керек? Бізде экономика соншалықты өсті ме? Жоқ, керісінше, өткен жылғы көрсеткіштерді қарасақ, экономикамыз құлдырап кетті. Сондықтан ақшаны бюджет тапшылығын жабу үшін басып шығарды деп айта аламыз. Бұл инфляцияға әкеледі. Сол себепті де қазір бәрі қымбат: пәтерлер, өнімдер, тауарлар. Мұның бәрі айналымдағы үлкен ақша массасының нәтижесі”, – деді Мақсат Халық.

Экономист Ұлттық Банк тым көп басып шығаратынын айтады. Мысалы, ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізуге дайындықтың бес жылы ішінде бюджеттен 565 миллиард қаржы жұмсалды. Яғни Ұлттық Банк жеті айда басып шығарған 2,7 триллион теңгеге осындай бес іс-шараны өткізуге болатын еді.

Мемлекеттік бағдарламалардан басқа, басып шығарылған ақша халыққа 42 500 теңге төлем үшін қолданылған. Қаржыгерлер бұл уақытта билік ақшаны неғұрлым көп басып шығарса, соғұрлым тезірек құнсызданатынын еске салды. Яғни бұдан ешкім байып кетпейді.

“Мектепте немесе институтта экономика сабақтарына қатыспаған адам барлығына белгілі бір ақшаны тегін беріп, содан бәрі бай болып кетеді деп ойлауы мүмкін. Жоқ, олай емес. Керісінше, ақша құнсызданады. Біз қалаған ақшамызды басып шығара алмаймыз. Біз тезірек басып шығарған сайын, олар да жылдам құнсызданады”, – деді EXANTE халықаралық инвестициялық компаниясының сарапшысы Андрей Чеботарев.

Экономикада көп ақша халықтың сатып алу қабілетінің өсуіне әкелмейді. Керісінше, егер бүгін N-ші сомаға белгілі бір мөлшерде тауар сатып алсаңыз, келесі жылы немесе бірнеше айдан кейін сол сомаға әлдеқайда аз сатып аласыз. Себебі ақша құнын жоғалтады. Сондықтан экономистер ақшаны экономиканың өсуіне сәйкес басып шығару керек деп санайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: