Жексенбі, 28 сәуiр, 06:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Ресейліктер Қазақстаннан жаппай көлік сатып алып жатыр

10.01.2023

853 0

Сурет: Tengrinews.kz

Ресейліктер Қазақстаннан жаппай көлік сатып алып жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, Қазақстаннан Түмен облысына көлік әкету 56 есеге артқан. Бұл туралы Өңірлік кеден бөлімі өкілдері мәлімдеді. Сарапшылар бұл жағдайдың себебін шетелдік көлік өндірушілердің көрші елден кетуімен байланыстырған.

«2022 жылы Түмен және Тобыл кеден бекеттерінің қызметкерлері Қазақстаннан әкелінген 668 көлікке қатысты кәдеге жарату төлемін алған. 2021 жылы 12 көлік әкелінді», – деді Түмен бекеті өкілі.

Түмен тұрғындарына сарапшылар Корея, БАӘ және АҚШ-тың ірі көлік хабы саналатын Қазақстанда қалай оңай көлік сатып алуға болатыны туралы кеңес беріп жатыр.

«Сатып алынған ең төменгі мөлшермен қарастырсақ, ресми дилерлердің көліктеріне назар аудару керек. Ең алдымен, бұл – Қазақстанда да, Ресейде де бірдей танымал корей брендтерінің көлігі», – деді ресейлік сарапшы.

Алайда сарапшы Қазақстан азаматтары ғана көлік сатып алып, транзит нөмірлерін ала алатынын ескертті.

«Мұндай шара ресейлік дилерлердің Ресей Федерациясында қайта сату үшін жаңа көліктерді жаппай сатып алуына байланысты қабылданды», – деді сарапшы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: