Сенбі, 18 қазан, 19:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Жанармай бағасы шарықтамайды: Министрлік мораторийдің нақты шарттарын жария етті

18.10.2025

104 0

Фото: pixabay

ҚР Энергетика министрлігі жанар-жағармай материалдары (ЖЖМ) бағасына енгізілген уақытша мораторийдің тәртібін түсіндірді. Бұл шара Үкіметтің тапсырмасына сәйкес ішкі нарықты тұрақтандыру және тұтынушылардың мүддесін қорғау мақсатында қабылданған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрліктің мәліметінше, АИ-92 бензині мен дизель отынының бөлшек сауда бағасы автожанармай құю станцияларында 2025 жылғы 16 қазан күнгі деңгейде сақталуы тиіс. Ел аумағында бірыңғай шекті баға белгіленбейді – бұл тәсіл нарықтағы бәсекелестікті сақтау және операторлар арасындағы баға айырмашылығын түсіндіруге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда ірі жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы литріне 213-239 теңге, ал дизель отынының бағасы 317-337 теңге аралығында, – делінген хабарламада.

Энергетика министрлігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында алдын алу шараларын қолға алды. 16 қазанда ірі жанармай жеткізушілер мен АЖҚС желілері басшыларының қатысуымен өткен кеңесте Үкіметтің бағаны көтермеу жөніндегі қатаң ұстанымы жеткізілді.

Агенттік тарапынан күнделікті мониторинг жүргізіліп, қажет болған жағдайда монополияға қарсы шаралар қабылданады.

Қазір елдегі жанармай қоры 3-4 аптаға жеткілікті деңгейде. АИ-92 бензинінің көлемі 341 мың тонна, дизель отыны – 405 мың тонна. Бұл көрсеткіштер бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.

Еліміздегі екі мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ал Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеуден кейін 25 қазаннан бастап кезең-кезеңімен іске қосылады.

Энергетика министрлігі мораторийдің орындалуын бақылап, аймақтық штабтармен және нарық қатысушыларымен тұрақты үйлестіру жұмыстарын жүргізіп отыр. Нарықтағы ахуал Үкіметтің жіті бақылауында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: