20 қазаннан бастап Қазақстанда көліктерді әкелу мен тіркеу ережелеріне жаңа талаптар енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Яғни Еуразиялық экономикалық комиссияның 23 мамырдағы №45 шешімімен бекітілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке қатысты болып отыр.
Жаңартылған ережелерде «бір көлік құралы» ұғымы нақты айқындалған. Енді бұл термин жеке тұлғалардың өз пайдалануына арнап әкелетін жалғыз автокөлікті білдіреді. Мұндай көліктер жеке пайдалануға арналған көлік құралдары санатына жатқызылады.
Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық комиссия мұндай көліктердің нақты тізімін белгілеген. Бұл тізім ЕЭК Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы №74 шешімімен бекітілген және оған автокөліктер мен мотоциклдерге арналған тіркемелердің кейбір түрлері кіреді.
Қарапайым тілмен айтқанда, 20 қазаннан кейін жеке тұлғалар шетелден өз қажетіне көлік әкелгенде, ол ресми түрде «жеке пайдалануға арналған көлік құралы» ретінде танылып, жаңа техникалық талаптарға сай рәсімделеді.
Оларға мыналар жатады:
ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 8703 тауар позициясына жататын жеңіл автомобильдер (медициналық мақсаттарға арналған көлік құралдарын қоспағанда) және адамдарды тасымалдауға арналған басқа да автокөлік құралдары.
ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 8703 тауар позициясына жататын квадроциклдер, қар кешкіш, қар мен батпақта жүретін көлік, жол жүріс мотокөлік және жалпы пайдаланудағы жолдарда пайдалануға арналмаған басқа да моторлы көлік құралдары (жалпыға ортақ жолдарда пайдалануға арналмаған жарыс автомобильдерін қоспағанда).
ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 8711 тауар позициясына жатқызылған мотоциклдер, мопедтер және мотороллерлер.
ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 8702 тауар позициясына жататын жүргізушіні қоса алғанда, 12 адамға дейін тасымалдауға арналған автокөлік құралдары, радиоактивтілігі жоғары материалдарды тасымалдау үшін арнайы әзірленген автокөлік құралдарын қоспағанда, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 8704.21, 8704.31, 8704.41 және 8704.51 қосалқы позицияларына жататын, жалпы салмағы 5 тоннаны құрайтын, жүктерді тасымалдауға арналған автокөлік құралдары.
Көлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктерін, егер олар техникалық регламенттерге сәйкес болса, нарықта пайдалануға рұқсат етіледі.
Жеке көлік құралдары үшін айналымға шығарылған кезде техникалық регламенттерге сәйкестігін куәландыратын құжат көлік құралының конструкциясының қауіпсіздік куәлігін (КҚКҚК) болып табылады.
Қауіпсіздік куәлігі кедендік ресімдеу, көлік құралының электрондық паспортын беру және утиль алымын төлеу кезінде қажет.
Осылайша, биылғы жылғы 20 қазаннан бастап жеке тұлғалар ЕЭК Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 74 шешімімен бекітілген тізімге енгізілмеген көлік құралдарына көлік құралының конструкциясының қауіпсіздік куәлігін ала алмайды, сондықтан: кедендік ресімдеуді аяқтауға, көлік құралының электрондық паспортын алуға, көлік құралының утиль алымын төлеуге немесе көлікті мемлекеттік тіркеуге қоя алмайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!