Жексенбі, 24 қараша, 21:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

5 млн теңге кімдерге беріледі?

26.04.2024

647 0

Биыл 5 млн теңгеге дейін берілетін мемлекеттік гранттар конкурсына тек әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – Бір өнім» бағдарламасының жеңімпазы болған кәсіпкерлер қатыса алады. Сонымен қатар конкурстық іріктеуге – тауарларды шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жоба, яғни бизнес-идея ұсынылуы тиіс.

Ал конкурстық іріктеу кезінде грант беру шешімі бизнес-идеялардың әлеуметтік бағдарлану дәрежесі, «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының өңірлік өнімінің рейтингі, бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі, бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге дайындығы негізінде қабылданады.

 Бизнес-идеялардың әлеуметтік бағдарлану дәрежелігіне – жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін, кірістерді арттыруға бағытталған және халықтың әлеуметтік осал топтарына өзге де шаралар көрсететін, инклюзия, экологиялылық, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды, жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін әлеуметтік қолдау саласындағы жобалар жатады.

Мемлекеттік гранттар конкурс өткізілген өңірге сәйкес келмейтін басқа өңірде тіркелгендерге  берілмейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: