Сәрсенбі, 27 қараша, 09:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Дала дүбірі қыза түсті

22.04.2023

649 0

Биыл қалада 9036 гектарға егін егу жопарланып отыр. Оның ішінде негізгі дақыл күріш 3 610 гектар, дәнді дақыл 107 гектар, картоп 500 гектар, көкөніс 1 330 гектар, бақша дақылы 990 гектар, мал азықтық дақыл 2 499 гектарды құрайды.

Бұл туралы баспасөз орталығында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Дінмұхамед Ермеков баяндап өтті.

– Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 148 дана ауыл шаруашылығы техникасы қатысуда. Бүгінгі күнге 1849 гектар ескі жоңышқа тырмаланып, 239 гектарға жаңа жоңышқа, 57 гектарға жаздық бидай, 35 гектарға қант құмайы егілді. Биылғы жылдың егісіне қажетті 918 тонна күріш тұқымы құйылып, оның 13 пайызын отандық, 87 пайызын ресейлік сорттар құрайды. Атап айтқанда, отандық сорт бойынша 115 тонна «Сыр сұлуы», Ресейлік сорттар 291 тонна «Лидер», 512 тонна «Янтарь» егілді, – деді қала әкімінің орынбасары.  

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті  479 тонна дизель отынын жеткізіп беруші болып «РК Мұнай» және «Жібек Жолы LTD» ЖШС белгіленді. Бүгінгі күні шаруашылық құрылымдары дизельді осы серіктестіктерден келісім-шарт негізінде сатып алуда.

Айта кету керек, қалаға қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінен картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егуге әр отбасыға уақытша 10 сотық жер маусымдық кезеңге берілуде.  Оған  қала тұрғындары қызығушылық танытып, бүгінде 65 өтінім келіп түсті. Өтінім қабылдау жұмыстары мамыр айына дейін жалғасады.

А.НҰРЛЫБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: