Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 20:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Дипломмен ауылға»: Өтінім «Отбасы банк» арқылы қабылданады

29.04.2023

1281 0

Ұлттық экономика министрлігінің шешімімен «Отбасы банк» АҚ 1 сәуір­­ден бастап «Дипломмен – ауыл­ға» жобасының сенімді агенті болып тағайындалғаны белгілі. Енді «Дип­ломмен ауылға» бағдарламасы­ның қатысушылары несиені «Отбасы банк» арқылы төлейтін болады. Бұл шара 1 мамырдан бастап жүзеге асады. Сондықтан бағдарлама қатысушылары осы кезеңге дейін аталған банктен ағымдағы шот ашуы қажет. Сондай-ақ қатысушылардың несие шартына өзгеріс енгізілмейді.

Банк мамандары шот ашылмаған жағдайда несиені төлеу мүмкіндігі болмай, төлем кешіктірілетінін айтады. Ол үшін «Otbasy bank» мобильді қосымшасын жүктеп, ағымдағы шот ашу жеткілікті. Бұдан бөлек ұялы телефон арқылы 300 нөміріне тегін қоңырау шалуға, жергілікті банк бөлімшесіне баруына болады.

«Отбасы банк» АҚ берген мәліметке сүйенсек, аталған бағдарлама аясында осы кезге дейін 38 мың азамат бюджеттік несие алған екен. Оларға 1 мамырға дейін банктен есепшот ашу міндеттеледі. Осылайша кез келген екінші деңгейлі банктен ағымдағы шотты толтыру ар­қылы  несие төленеді. 

– Заң бойынша осы несиелерге қызмет көрсетуді жалғастыру үшін қарыз алушылар Отбасы банкінен ағым­дағы шот ашуы қажет. Клиенттерді ха­бардар етпей, олардың келісімінсіз біз оны өз бетімізше ашуға құқығымыз жоқ, – дейді «Отбасы банк» АҚ облыстық фи­лиалының кеңесшісі Жазира Жаппар.

Тағы бір айта кетер жайт, уа­қытты үнемдеу және процесті жедел­дету мақсатында мемлекеттік бағдар­лама цифрландырылған жүйеге ауыс­қандықтан «Дипломмен ауылға» бағ­­дарламасына жаңадан қатысушы­лар­дың өтінімі otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн түрде қа­былданады.

– «Дипломмен ауылға» жобасына қатысуға өтінім беру үшін қатысушы otbasybank.kz порталында тіркелуі және электронды цифрлық қолтаңба көмегі­мен өтінімге қол қоюы қажет. Жоба бойын­ша тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие беру және көтерме жәрдем­ақы төлеу қарастырылған. Оған ауылдық жерге енді келген және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік ке­шен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері бар. Облыстық маңызы бар қалалардың және аудан әкімдіктері жыл сайын елді мекендерге жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастырады. Дәл осы тізім аясында бағдарламаға қатысушы мамандарға жеңілдетілген несиелер беріледі. Несиенің ең жоғары сомасы 1500 АЕК-ке дейін, несие бойынша мөлшерлеме 0,01%-ға тең. Несие маманға жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі, – дейді кеңесші.

Ал несие ең ұзақ мерзімде 15 жылға беріледі. Ол үшін жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша кемі 3 жыл жұмыс істеуі керек екен.

А.ӘЛІМ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: