Жексенбі, 08 желтоқсан, 01:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Жазушылықты жанымен сүйген

12.04.2022

984 0

Кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтеді. Ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады. Ұстаздық жолда оқушыларды кітап оқуға үйрету басты мақсаттың бірі.

Осы мақсатта халықаралық балалар кітабы күніне орай Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Әлібек Файзуллаұлының шығармашылығына арналған «Жазушылықты жанымен сүйген» атты әдеби кеш өтті. Рухани шарада қаламыздың бірнеше мектептерінен келген оқушылар жазушының аңыз әңгімелерінен және ертегі мен шығармаларынан үзінді оқыды. Сонымен қатар Абылай хан атындағы №140  қазақ орта мектебіміздің  оқушылары «Алтын адам» көрінісін сомдап, әнмен шашу шашты. 

Шара Әлібек Файзуллаұлының кітап көрмесіне жалғасты. Кеш соңында оқушылар алғыс хатпен марапатталды. Балаларға базарлық жасалды.

Кітапханашылар оқушыларға өмірден өрнек іздеп, ой түйіндеген белгілі жазушы Әлібек Файзуллаұлының  «Өтірік айтпайтын күн» кітабын оқуға кеңес берді.

Салтанат Байдарбесова,

Абылай хан атындағы  №140 қазақ орта мектебінің

 информатика пәні мұғалімі,

6 «Ә» сынып жетекшісі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: