Сейсенбі, 26 қараша, 19:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Ел игілігіне салынып жатқан құрылыс нысаны аз емес

11.09.2023

265 0

Өңір экономикасының маңызды тірегінің бірі – құрылыс болса, бүгінде Қызылорда қаласы қарқынды  құрылыс алаңына айналып, экономиканың алға жылжуына үлес қосуда. Көрікті  шаһардың сол жағалауындағы 16 тұрғын үйдің құрылысы облыс орталығының ажарын ашып тұр. Ондағы 6 тұрғын үй жеті қабатты болса, қалғаны 5 қабатты үйлер.

– Бұл тұрғын үйлердің барлығы заманауи үлгіде және жаңа технология көмегімен салынуда. Құрылысы жүріп жатқан 7 қабатты  үй 84 пәтерлі болса, 5 қабатты үйлер  470 пәтерлі.  Бұл зәулім үйлер келер  жылы ел игілігіне беріледі деп жоспарланған. Оның инженерлік желісіне жобалық-сметалық құжат толық әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды, –  деді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Айдын Әнуар.

Қаланың сол жақ жағалауында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы ауданы – 37 284 шаршы метр болса, бір тұрғын үйдің ауданы – 6 213,9 шаршы метрді құрайды.

«Орион ЛТД» ЖШС директорының орынбасары Асхат Жаңабаевтың айтуынша,  көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы сәуір айында басталған. Қазір  бригадалық топ құрылыс жұмысын жүргізуде. 7 қабатты тұрғын үй аймағымызда алғаш рет салынуда. Әрбір пәтерде жедел саты болады. Құрылысқа жергілікті өнім пайдаланылып жатыр.

Сондай-ақ қалада спорт нысанын салуға айрықша көңіл бөлінуде. Сөзімізге дәлел ретінде Тасбөгет кентінде салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Бұл спорт кешенінің жалпы ауданы – 1 655,1 м2 құрайды. Спорт нысаны жылдың соңында ашылады деп жоспарлануда. Жұмысқа жауапты мердігер мекеме – «Интегрострой» ЖШС.

– Спорт кешенінің құрылысы сәуір айында басталды.  Құрылыста 50 шақты жұмысшы еңбек етуде. Алдағы уақытта қосымша жұмыс күші тартылатын болады. Мұнда 100 адам бір мезгілде дене шынықтыра алады. Сондай-ақ  кешенде футбол, баскетбол және әмбебап спорт залдары бар. Бұл кешен металл құрылымымен жабдықталуда. Сыртқы қабаты толық жылу панелімен қапталады. Жоспар бойынша кешеннің құрылысы жыл соңында бітіп, пайдалануға  беріледі , –  деді учаске шебері Талғат Маушев.

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: