Сәрсенбі, 08 сәуiр, 17:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№25 (2237)
07.04.2026
PDF мұрағаты

Елде қанша жеке кәсіпкер бар

08.04.2026

36 0

Фото: Pexels

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 1 795,6 мың жеке кәсіпкер тіркелген, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,1% кем (1 814,2 мың), – деп хабарлайды KAZINFORM 

Олардың 1 732,8 мыңы — жұмыс істеп тұрғандар (жалпы саннан 96,5%).

Салалар бойынша дара кәсіпкерлер саны көтерме және бөлшек сауда саласында ең көп тіркелген — 667 мың бірлік (37,1%), сондай-ақ басқа қызмет көрсету — 258,2 мың және ауыл шаруашылығында саласында — 249 мың бірлік. Дара кәсіпкерлер саны мемлекеттік басқару саласында ең аз — барлығы 151 бірлік.

Дара кәсіпкерлердің негізгі бөлігі республикалық маңызы бар қалаларда шоғырланған — 35,5%. Дара кәсіпкерлердің көпшілігі Алматы мен Астана қалаларында тіркелген: тиісінше 288,7 мың және 204,3 мың. Үштікті 196,2 мың дара кәсіпкері тіркелген Түркістан облысы түйіндейді. Дара кәсіпкерлердің ең аз саны Ұлытау облысында — 16,1 мың бірлік.

Барлық тіркелген дара кәсіпкерлердің 39,1% иесі 35 жасқа дейінгі тұлғалар. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің үлесі — 50,4%. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: