Бейсенбі, 26 желтоқсан, 22:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ғалымның кәсібі

25.12.2021

913 0

Көпшілік мән беретін екі дүние бар. Яғни адам өмірінде екі таңдаудан қателеспеу керек деген. Біріншісі – жар таңдау болса, екіншісі – мамандығын таңдау. Екеуі де өте маңызды шешім. «Осы екеуін таңдауда қателеспеген адам өмір бойына бақытты болады» дегенді жиі еститінбіз үлкен кісілерден. Бүгінгі кейіпкеріміз Ғалым Әлменов те өзінің жар таңдауда да, кәсіп таңдауда да жолы болған жан екенін айтады. Ұзақ жылдар етікші болып келе жатқан ол өз кәсібінің білгіріне айналған. Бүгінде шебер адал еңбегінің арқасында нан тауып отыр.

Шыны керек, жұрт базарда етік тігіп, не басқа да ауыр жұмыспен айналысатын адамды көрсе «амалы жоқтықтан істейді ғой» деген сарындағы әңгімені жиі айтады. Дегенмен олардың арасында сол өзі қызмет етіп жүрген салаға жан қалауымен келгені де баршылық. Қазіргідей заманда несие алып, мол қаржымен шаруасын дөңгелету көптің қолынан келеді ғой негізі. Алайда жоқтан бар жасау – екенін бірінің қолынан келе бермейтін іс. Кейде осындай қолда бар құрал-жабдығымен күн көріп отырған кәсіп иелерін көргенде қуанасың. Таң атқаннан кеш батқанға дейін біз бен тебенді, балға мен шегені жанына серік еткен етікшілердің ісі оңай емес. Кейіпкеріміз бұл тірлігінен ләззат алатынын, тіпті етік тігу ол үшін демалыс секілді әсер ететінін айтады.

Өйткені Ғалымның етікшілік өнерді өміріне серік еткеніне 15 жылдан асыпты. Етікшілікті өз бетімен үйренген ол ел ішінде танылып қалған. Ісі тиянақты шеберге келушілердің қатары көп екен. «Ерінбеген етікші болады» деуші ме еді? Ол аталған кәсіптің қыр-сырын жақсы меңгеріп, әбден машықтанған. Етікшілік жұмыс күн суып, қыс жақындаған сайын қыза түседі айтуынша. Бұл уақытта аяқ киімнің табанын тігіп, тесігін жамау жұмыстары жиі жасалады екен. Ал жаз, күз, көктем мезгілінде жеңіл-желпі жұмыстар болмаса, жұртқа кезек күттіретіндей шұғыл жұмыс бола бермейді.

Айтуға оңай болғанмен, аяқ киім тігу кез келген адамның қолынан келе бермейтіні шындық. Себебі оған шеберлік, шыдамдылық, аса ептілік қажет.

– Расы керек, мен алғашында бұл жұмысқа отбасымды асырау үшін, күнделікті табыс ретінде қарап келдім. Уақыт өте келе қызығушылығым артып, бүгінде нағыз кәсібіме айналды. Мен өз жұмысымнан ләззат аламын. Он бес жылдан бері көп нәрсені үйрендім. Өз ісіме де жауапкершілікпен қараймын. Бүгінге дейін жөнделген аяқкиімдерге сын айтып, реніш білдірген тұтынушы болған емес. Керісінше, алғыс айтатындар көп, – дейді етікші.

К.АҚТАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: