Бейсенбі, 09 мамыр, 13:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

«Ел іші – өнер кеніші» дәстүрлі байқауы басталды

15.06.2023

421 0

Кеше қалалық мәдени және демалыс паркінде «Ел іші – өнер кеніші» байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Маусым айының соңына дейін Қызылорда аспанын ән мен жырға бөлейтін дәстүрлі байқауды ашып берген қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов өнер сайысын бастайтын Ақсуат ауылдық округінің өнерпаздарына сәттілік тіледі.«Қазақ халқының сонау ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті мен бар болмысы өнермен байланысты. Сондықтан өнердің қай түрі болмасын ата-бабамыздан қалған асыл мұрамыз, таусылмас қазынамыз. Осы қастерлі қазынамызды насихаттауды мұрат еткен өнер додасына қатысушы кент және ауылдық округтердің мәдениет үйлеріне, талантты да талапты көркемөнерпаздарына сәттілік, шығармашылық табыс тілеймін»,- деді қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Жақсымұратұлы.Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары арасында әріптестік байланысты нығайтып, шығармашылық бәсекелестік қалыптастыру, әр ауылдан талантты өнерпаздарды анықтау, төл мәдениетімізді, ұлы өнерімізді дәріптеу арқылы мәдениет үйлерінің жұмысын жандандыру мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілетін «Ел іші – өнер кеніші» атты дәстүрлі өнер байқауы биыл 11-ші рет байрағын көтеріп отыр.Байқау шымылдығын түрген ақсуаттық өнерпаздар қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы тақырыптық қойылым және концерттік бағдарламасын ұсынды.Айта кетейік, аталмыш өнер байқауы қалалық мәдени және демалыс паркінде 30 маусымға дейін жалғасып, кент және ауылдық округтердің өнерпаздары бекітілген кесте бойынша өз өнерлерін көрсететін болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: