Жексенбі, 24 қараша, 11:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Гүлшара Әбдіқалықова: Мал басының барлық түрінен өсім байқалып отыр

10.06.2021

1026 0

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова елордада өтіп жатқан баспасөз конференциясында өңірде мал шаруашылығын дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар жүріп жатқанын айтты.

«Мал басының барлық түрінен өсім байқалып отыр. Атап айтар болсақ, мүйізді ірі қара – 3,9%, қой – 8,5%, жылқы – 10,4%, түйе – 7,1%, құс – 6,1% құрады. Бұл ретте, жайылымдық жерлердің тиімділігін арттыруға айрықша басымдық берілуде», – дейді облыс әкімі.

Сонымен қатар балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі аймақтық бағдарламасы жүзеге асуда.

Бұл тауарлы балық көлемін 16 мың тоннаға дейін жеткізе отырып, 100 еседен артық көбейтуге, ал, балық өнімдерінің экспортын 2 есе – 8,5 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Алдағы 5 жылда Агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 58 млрд теңгеге 76 инвестжобаны жүзеге асыруды жоспарлаудамыз. Оның 42-сі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. 2021 жылы 8,7 млрд теңгеге 21 жоба жүзеге асырылады. Жыл басынан бері 8 – егін шаруашылығында 4, бал арасын өсіруде 2, мал шаруашылығында 2 жоба жүзеге асты», – дейді аймақ басшы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: