Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Гүлшара Әбдіқалықова: «Қызылорда облысынан Германияға 685 тонна қамыс экспорттадық»

17.02.2021

1442 0

Қызылорда облысында шет елге қамысты экспорттау басталған. Алғаш рет Германияға 685 тонна қамыс жөнелтілген. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа жөнелту көлемі 9 пайызға өскен. Яғни, өңірде пандемияға қарамастан экспорт көлемі төмендемеген. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы алғашқы есебінде баяндады.

– Біз әлемнің 17 еліне ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11 түрі экспорттадық. Өткен жылы күрішшілеріміз гектарына61,8 центнерден өнім алып, 550 мың тоннадан астам күріш жинап, жоғары көрсеткішке қол жеткіздік. Сондай-ақ, балық шаруашылығын дамытудың2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасын әзірледік. Оған шамамен алдағы жылдарда кезең-кезеңімен 29 млрд. теңге бағытталатын болады,-деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Өңірде 2030 жылға дейін 55 көл-тауарлы балық өсіру шаруашылығы, 12 тоған және 16 тор шаруашылығы құрылып, 3 жабық сумен жабдықтау құрылғысы салынатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: