Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 10:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Халықаралық стандарттарға сай өнім өндірілуде

24.02.2022

1566 0

Былтыр экономиканың барлық салалары бойынша өндірістің тиімді жүргізілуі және өнімдердің қауіпсіздігі шеңберінде 85 тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде, қолдануға жарамсыз 722 дана өлшем құралдарын пайдалануға тиым салу жөнінде 16 нұсқама берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Қарсақбаев хабарлады.

-2021 жылы аймақтағы тауар өндіруші және қызмет көрсетуші кәсіпорындарда, ірі сауда орталықтары мен базарларда сапа менеджмент жүйесін енгізу, стандарттау саласындағы жаңадан енгізілген нормативтік құжаттар жөнінде түсіндірме жүргізілді. Сапа менеджмент жүйесін өндірістеріне енгізген кәсіпорындарға ұдайы талдау жасалады. Қазіргі таңда облыс бойынша 489 мекеме мен кәсіпорындар халықаралық менеджмент жүйесін өз өндірістеріне енгізген. Сонымен қатар, облыс көлеміндегі сынақ базарларына талдау жасалды. Анықталғандай, аккредиттеуден өткен, түрлі сала бойынша қызмет көрсететін 25 сынақ орталықтары жұмыс атқарады, – деді Бауыржан Қарсақбаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: